🚀 Бүгін – Ғарышкерлер күні!
Құрметті ата-аналар! Бүгін (12 сәуір) балабақшамызда Ғарышкерлер күніне орай “Менің ғарышым” атты танымдық сабақтар өтті. Балалар ғаламшарлармен танысып, қағаздан зымырандар жасады. Кішкентай ғарышкерлеріңіздің шығармашылық жұмыстарын кешке топтағы көрмеден тамашалай аласыздар!
